10 қаңтар 2022 | 11:09

"Лаңкестер бізді пайдаланды". Қаза тапқан тергеу изоляторы қызметкерінің әкесі үндеу жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Шабуылдаушылардың бірін ұстау. Видеодан алынған кадр

Талдықорғандағы тергеу изоляторына шабуыл жасаған кезде қаза тапқан ҚАЖ қызметкері Ербол Ержановтың әкесі ұлы туралы айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғандағы тергеу изоляторына шабуыл жасаған кезде қаза тапқан ҚАЖ қызметкері Ербол Ержановтың әкесі ұлы туралы айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

9 қаңтарда Талдықорғанда тергеу изоляторына шабуыл кезінде қаза тапқан ҚАЖ қызметкері Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салды.

Реклама
Реклама

Қайғылы оқиға 7 қаңтарда болды. Қарулы 15 адам ЛА-155/16 тергеу изоляторы аумағында болған қызметкерлерге оқ жаудырған. Нәтижесінде Ербол Тілеубекұлы Есжанов алған оқ жарақатынан қаза тапты.

"Ұлым тергеу изоляторында 22 жыл жұмыс істеді. 6 қаңтарда мерзімі аяқталып, зейнетке шығуы керек еді. Бірақ оған жетпеді. Өз өмірін Отанның тыныштығы үшін қиды. Ұйымшыл болуларыңызды сұраймын, лаңкестер бізді пайдаланды. Арандатуға ермеңіздер, - деді марқұмның әкесі.

Марқұмның артында әкесі, әйелі және екі баласы қалды. Ержановтың ұлы - әскери институттың курсанты. Ол әкесін ақтық сапарға шығарып сала алмады, өйткені елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты оқу орны базасында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная