04 қазан 2023 | 09:24

Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны ұрып-соғу ісі қайта сараланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Евгений Мухамеджанов/facebook.com

Алматы полициясы Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны ұрып-соғу ісін "Бұзақылық" бабынан "Күш қолдану" бабына қайта сараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны ұрып-соғу ісін "Бұзақылық" бабынан "Күш қолдану" бабына қайта сараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Полиция департаменті хабарламасы: бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған қажетті шаралар кешені жүргізіліп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Реклама
Реклама

"Қылмыстың объектісі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның лауазымды тұлғасы екенін ескере отырып, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 380-2-бабы 3-бөлігіне "Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану" қайта сараланды", - деп хабарлады департамент.

Еске сала кетейік, жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен келген белгісіз біреулер Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын соққыға жыққан.

Оқиға 29 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында болған. Белгісіз біреулер 30 жастағы инспектор Дамир Қуатбековке шабуыл жасап, оны таяқпен ұрған. Ол басынан жарақат алып, №12 ауруханаға жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная