28 қыркүйек 2021 | 12:44

Іле Алатауындағы өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Іле Алатауында орман өртін сөндіріп жатыр. 26 қыркүйекте Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Іле Алатауында орман өртін сөндіріп жатыр. 26 қыркүйекте Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 қыркүйек сағат 09.30-да шатқалдан түтін байқалған. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағымен су шашып жатыр. ТЖД күшімен жақын маңдағы аудандық бөлімшелер қызметкерлерінен, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен қосымша топтар құрылды. Штаб Алматы облысы ТЖД бастығы Асқат Тойчубековтың басшылығымен ұйымдастырылды. Аэровизуалды бақылау үшін дронмен бірге жедел топ жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 техникасы мен 25 қызметкері, Ақсай орман шаруашылығы 70 қызметкері мен 15 техникасы, Қазавиаорманқорғау 10 қызметкері, сондай-ақ, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен - 12 километр қашықта Қырғауылды ауылы және 8 километр қашықта орналасқан "Радуга" бау-бақша қоғамы.

Еске салайық, 2021 жылы 26 қыркүйекте сағат 18:20-да Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақсай шатқалы, Қарасай ауданы, "Іле-Алатау" МҒӨК аумағы, "Радуга" саяжай қоғамынан 8 шақырым жерде орналасқан, биіктігі 2000 метр жерде жапырақты орман мен құрғақ шөптің өртенуі туралы хабар түскен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная