Лисаковск орталығында жалаңаш серуендеген ер адам өз әрекетін түсіндірді

© "Наша газета"

?останай облысыны? полицейлері Лисаковск орталы?ында жала?аш серуендеген ер адамны? аты-ж?нін аны?тады. Облысты? ІІД баспас?з ?ызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне ер адамны? ?сталып, ?Р ?кімшілік ???ы? б?зушылы? кодексіні? 434-бабы ("?са? б?за?ылы?") бойынша ?кімшілік жауапкершілікке тартыл?анын хабарлады. Іс ары ?арай ?аралуы ?шін сот?а жіберілген. Полицияда?ылар б?л бап бойынша ер адам?а не 10 АЕК к?лемінде айыпп?л (21 210 те?ге) салынатынын, не оны? 10 к?нге ?амалатынын айтады.

Қостанай облысының полицейлері Лисаковск орталығында жалаңаш серуендеген ер адамның аты-жөнін анықтады. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Іс ары қарай қаралуы үшін сотқа жіберілген. Полициядағылар бұл бап бойынша ер адамға не 10 АЕК көлемінде айыппұл (21 210 теңге) салынатынын, не оның 10 күнге қамалатынын айтады.

Сонымен қатар, полициядағылар ер адамның неліктен бұл әрекетке барғанын айтып берді. Бұзақының сөзі бойынша, ол үш күн бойы ішімдік ішкен, сол себепті көшеге жалаңаш күйде шығып кеткен.

Еске салайық, Қостанай облысының Лисаковск қаласында жалаңаш күйде көше бойымен серуендеп жүрген ер адам байқалған. Сенбі күні, 17 қыркүйекте қаланың орталығында болған. "Ол шегіп алған секілді. Оны жанынан өткен барлық адам суретке түсіріп алды. Ол болса бар байлығын көрсетіп, өзімен өзі жүре берді!", - дейді куәгерлер. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама