Лисаковск қаласында жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі табылды

Надежда Потапова. © Itvakcent.kz

26 ?ырк?йекте жо?алып кеткен Лисаковск ?аласыны? 32 жаста?ы т?р?ыны Надежда Потапова ?лі табылды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.

26 қыркүйекте жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапова өлі табылды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.

Екі баланың анасы - Потапованың қаза болғаны жайлы осыған дейін әйелді іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Дарья Скворцова есімді қыз хабарлады. "Надежданы іздестіру жұмыстарына көмектескен адамдардың барлығына алғыс айтамын: еріктілерге, ол жайлы хабарламалар таратқандарғанға. Біз сіздерге алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Надежда саяжай жақтан табылды, өкінішке орай, ол өлі табылды", - деп жазды ол "ВКонтакте" желісіндегі FOX Town - Лисаковск наш город! тобында.

Айта кетейік, қайтыс болған әйел кәсіпкерлікпен айналысқан екен, сондай-ақ ол интернатта мұғалім болып қызмет еткен. Лисаковск қаласының прокуроры Еркін Тайкешовтің айтуынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама