Лисаковскіде полиция талабына бағынбай қашқан көлік жол апатына түсті: бір адам қаза болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Лисаковск қаласында полицейлердің талабына бағынбай, қашып бара жатқан ВАЗ-21093 көлігі бетон тірекке соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета"-ға сілтеме жасап.

Лисаковск қаласында полицейлердің талабына бағынбай, қашып бара жатқан ВАЗ-21093 көлігі бетон тірекке соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша Газета"-ға сілтеме жасап.

1 желтоқсанда болған жол апаты туралы оқырмандар хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі ағайынды болған.Материалда көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқаны, ал жолаушы ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Полиция мәліметінше, көлік қауіпті маневрлер жасап, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін патруль қызметкерлерінің назарын аударған.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші тоқтау туралы талапты елемеді. Көлік мемлекеттік нөмірсіз болған", - деп хабарлады полицейлер.

Айналма жолайрықта көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, тірекке соғылған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, қаза болған жүргізуші бұрын да мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Жол апаты бойынша соталды тергеу басталды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адамның жағдайы туралы ақпарат берді.

"Пациенттің жағдайы тұрақты, (жансақтау бөлімінен - еск.) ауыстырылды, хаттамаға сәйкес қажетті ем қабылдап жатыр", - деп нақтылады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама