29 қаңтар 2020 | 12:23

ІІМ өкілі әуе апатына ұшыраған лайнердің екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген адам өлімі дерегіне қатысты қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалуы тиіс. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өлімі әуе апаты кезінде алған жарақаттан, не криминалдық фактордың әсерінен емес. Бұл жерде оның денсаулық мәселесіне байланысты болған сияқты, бірақ нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Оған 30 күн кетеді", - деді Марат Қожаев Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Реклама
Реклама

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы 28 қаңтарда қайтыс болды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр.

Еске салайық, 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты. Оның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші пилоттың аты-жөні Мейіржан Молдақұлов. Ол 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная