10 қараша 2023 14:11

ІІМ өкілі Бишімбаевқа қатысты сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновке бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновке бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кулуарда журналистер министрдің орынбасарына Бишімбаевқа қатысты сұрақ қойды.

"Кешегі кісі өліміне қатысты пікір беріңізші, бұрынғы экономика министрі Бишімбаевқа қатысты қандай да бір мәлімет бар ма?" – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Реклама
Реклама

"Ол қамауға алынды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалғандары бойынша пікір бере алмаймын. Жұмыс аясында қосымша ақпарат беріледі", - деп жауап берді Сәрсенов.

Министрдің орынбасары ІІМ-де цифрландыру мәселесін қадағалайды, сондықтан ол Бишімбаев ісі бойынша басқа ақпарат бере алмады.

"Қазір айта алмаймын. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу шаралары аясында мен ештеңеге пікір бере алмаймын. Бұл істі Тергеу департаментінің қызметкерлері тергеп жатыр. Содан кейін олар пікір береді", - деп қосты Сәкен Сәрсенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram