25 қаңтар 2019 09:14

ІІМ оқушының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видеоны тексеріп жатыр

Видеодан алынған кадр

Қазақстанның ІІМ өкілдері оқушының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ІІМ өкілдері оқушының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде дәретханада түсірілген видео таралып жатыр. Онда жасөспірімді бірнеше адам соққыға жығып жатады. Видеоның қайда түсірілгені әлі анықталмады.

Реклама
Реклама

ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуді бастау мәселесі қаралып жатыр.

"Желіде жасөспірімнің соққыға жығылғаны түсірілген видеоға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыс құрамы болуына байланысты сотқа дейінгі өндіріс қозғау мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабарлады Садубаев.

Полиция қазіргі уақытта видеодағы жасөспірімдерді іздестіріп жатыр.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістанда мектеп оқушыларының соққыға жығылғаны түсірілген видео таралған еді. Кейінірек полицейлер мектеп оқушыларын ұрып-соққандарды анықтаған болатын. Түркістанда жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген еді. Олардың сөзіне қарағанда, Түркістандағы үш мектептің - № 31, № 18, № 11 тоғызыншы сынып оқушылары анықталған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram