19 желтоқсан 2024 | 15:09

ІІМ “WhatsApp-тан келген фото және видеоны ашпаңыз“ деген хабарламаны тексерді

Midjourney

WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылары арасында "ертеңнен" бастап суреттер мен видеоларды жіберу қауіпті болады деген хабарламалар тарады. Мұндай файлдардың барлығында вирустар болады-мыс. Хабарламада ДАИШ террористік ұйымы мүшелерінің қоңыраулары туралы да айтылған. Stopfake.kz бұл ақпараттарды жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp мессенджерінің пайдаланушылары арасында "ертеңнен" бастап суреттер мен видеоларды жіберу қауіпті болады деген хабарламалар тарады. Мұндай файлдардың барлығында вирустар болады-мыс. Хабарламада ДАИШ террористік ұйымы мүшелерінің қоңыраулары туралы да айтылған. Stopfake.kz бұл ақпараттарды жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада бұл ақпарат ІІМ-нің есептерінде де расталғаны туралы жазылған.

Скриншот: stopfake.kz

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, алғаш рет мессенджерлерде суреттер мен видеолар арқылы таралатын вирустар туралы жалған ақпарат 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан. Ол қазір тарап жатқан ақпаратқа ұқсайды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бұл қауесеттерді жоққа шығарды.

"ІІМ-нің компьютерлер мен телефондарды істен шығаратын ашық хаттар мен видеолар арқылы вирустарды тарататын хакерлердің әрекеттері туралы айтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және фейк болып табылады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабарламаның екінші бөлігінде белгісіз біреулерден келіп түсетін қоңыраулар туралы ескертіледі. Олар ДАИШ террористік ұйымымен байланысты екен. Осы фейкке сәйкес, егер сол нөмірге қайта хабарласатын болсаңыз, алаяқтар сіздің байланыс нөміріңізді және банктік карта деректерін көшіріп алады. Бұл миф интернет кеңістігінде екі жылдан астам уақыт бойы таралып келеді, алғаш рет 2022 жылдың қаңтарында шыққан.

Сонымен қатар, бейтаныс нөмірлерден келіп түскен қоңыраулар қауіпті болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Factcheck.tj порталы вангири деп аталатын алаяқтық схеманы егжей-тегжейлі сипаттады. Бұл жағдайда телефонға халықаралық нөмірден қабылданбаған қоңырау түседі. Егер адам қайта қоңырау шалса, ол халықаралық болып саналады. Осылайша, алаяқтар шетелге қоңырау шалу тарифінің жоғары боулынан ақша таба алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Қазақстанда күн суытады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная