Магистраль құбырдағы апат: Алматы маңындағы ауылдарға қашан газ беріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Онда апат салдарынан бірнеше ауылдағы жекеменшік үйлер газсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Онда апат салдарынан бірнеше ауылдағы жекеменшік үйлер газсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктердің айтуынша, магистраль газ құбыры қалпына келтіріліп, қазір абоненттерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүріп жатыр.

"Панфилов ауылында газ қосылды. Гүлдала ауылында абоненттердің 80 пайызы газға қосылды. Ал Тұздыбастауда газға қосу жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Газ компаниялары түске дейін газ жеткізуді қалпына келтіреміз деп кепілдік берді", - деді әкімдік баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Талғар ауданы Панфилов ауданындағы магистраль құбырдағы апат 30 қарашада болған еді. Бес мың үй газсыз қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама