Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі Алматы облысында тіркелді

Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі Алматы облысында тіркелді Зілзала ошағы көрсетілген сурет. ©Some.kz

Алматы облысында магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 23 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 00.38-де тіркелді. Зілзала эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 284 шақырым жерде болды. Тереңдігі - 15 шақырым. Зілзаланың энергетикалық классы - 9,5. Алматыда жер асты дүмпулері сезілмеді.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Астана уақытымен 07.05-те магнитудасы 4,5 болатын жер сілікінісі Қазақстан мен Қытай шекарасында тіркелген еді. Оның эпицентрі Алматының шығыс жағында 294 шақырым жерде болды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама