Магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі Тараздан 380 шақырым жерде болды

Магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі Тараздан 380 шақырым жерде болды Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©emsc-csem.org

19 қаңтарда Астана уақытымен 07.43-те Тараздың оңтүстік-шығысында 384 шақырым жерде магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Зілзала Қырғызстан аумағында болды. Жер асты дүмпулері бір шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзала ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым, Алматыдан оңтүстік-батықа қарай 440 шақырым, ал Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында 450 шақырым және Бішкектен (Қырғызстан) оңтүстікке қарай 324 шақырым жерде болды.

Болған оқиғадан жарақат алғандар мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама