ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 қаңтар 2015 09:47
Магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі Тараздан 380 шақырым жерде болды
19 қаңтарда Астана уақытымен 07.43-те Тараздың оңтүстік-шығысында 384 шақырым жерде магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.
Зілзала Қырғызстан аумағында болды. Жер асты дүмпулері бір шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзала ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым, Алматыдан оңтүстік-батықа қарай 440 шақырым, ал Шымкент қаласының оңтүстік-шығысында 450 шақырым және Бішкектен (Қырғызстан) оңтүстікке қарай 324 шақырым жерде болды.
Болған оқиғадан жарақат алғандар мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу