Магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Ақтаудан 350 шақырым жерде болды

Магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Ақтаудан 350 шақырым жерде болды Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©emsc-csem.org

18 қаңтарда Астана уақытымен 05.02-де Ақтаудың оңтүстік-шығысында 348 шақырым жерде магнитудасы 4,6-ға тең жер селкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Түрікменстан территориясында болды. Жер асты дүмпулері 56 шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзала ошағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым, Жаңаөзеннен оңтүстікке қарай 284 шақырым, ал Бакуден (Әзірбайжан) шығысқа қарай 260 шақырым және Түркменбашыдан (Түрікменстан) солтүстікке қарай 83 шақырым жерде болды. 

Болған оқиғадан жарақат алғандар мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама