ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қаңтар 2015 10:03
Магнитудасы 4,6-ға тең жер сілкінісі Ақтаудан 350 шақырым жерде болды
18 қаңтарда Астана уақытымен 05.02-де Ақтаудың оңтүстік-шығысында 348 шақырым жерде магнитудасы 4,6-ға тең жер селкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Түрікменстан территориясында болды. Жер асты дүмпулері 56 шақырым тереңдікте тіркелді. Зілзала ошағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым, Жаңаөзеннен оңтүстікке қарай 284 шақырым, ал Бакуден (Әзірбайжан) шығысқа қарай 260 шақырым және Түркменбашыдан (Түрікменстан) солтүстікке қарай 83 шақырым жерде болды.
Болған оқиғадан жарақат алғандар мен үйлердің қирауы жайлы мәлімет жоқ.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу