Магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі Алматыдан 385 шақырымда тіркелді

Магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі Алматыдан 385 шақырымда тіркелді Some.kz cайтындағы карта

10 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.50-де Алматыдан шығысқа қарай 385 шақырымда магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Қытай аумағында болды. Жерасты дүмпулерінің ошағы бес шақырым тереңдікте анықталды. Тербелістің энергетикалық класы 9,5 деп есептеліп отыр.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді. 

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама