Мақсат Үсенов өзінің туған күнінде бостандыққа шықты

Ма?сат ?сенов ?зіні? ту?ан к?нінде арнайы ?кімшілік ?амау?а алын?андарды ?стау?а арнал?ан уа?ытша ?абылдау мекемесінен шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсат Үсенов өзінің туған күнінде арнайы әкімшілік қамауға алынғандарды ұстауға арналған уақытша қабылдау мекемесінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсат Үсеновті алып кетуге Lexus көлігі келді. Үсенов қабылдау мекемесінен қолындағы пакетімен бірге шықты. Ол журналистермен сөйлескен де жоқ.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 4 маусымда Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкеткен болатын. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазған болатын.

Ал кейінірек Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін Мақсат Үсеновтің салық қарыздарын өтегені хабарланған болатын. "2017 жылдың 8 маусымында М.Қ.Үсенов 2016 жылы көлік құралының салығын төлемеуінен туындаған 174 240 теңге сомасындағы салық қарызын өтеді, оның ішінде салық - 138 362 теңге, өсімпұл - 35 878 теңге", - деп хабарлаған еді МКД өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама