"Маңғыстау-Ақтөбе" пойызында өрт шығып, бес адам зардап шекті

Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында "Маңғыстау - Ақтөбе" пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында "Маңғыстау - Ақтөбе" пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған.

"Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, "ҚазмұнайТеңіз" МӨҚҚ, "ҚТЖ" ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді", - делінген хабарлама.

Реклама
Реклама

Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

"Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті таңғы сағат 07.19-да сөндірген, жүк вагоны толығымен жанып кеткен. Сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Қазіргі таңда ішкі істер органдары өрттің себебін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама