05 сәуір 2019 | 13:37

Маңғыстау дәрігерлері сотталған адамның асқазанынан скальпель тапты

Маңғыстау облысында дәрігерлер абақтыға қамалған адамның асқазанынан скальпель алып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында дәрігерлер абақтыға қамалған адамның асқазанынан скальпель алып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

3 сәуірде колонияда жатқан ер адам ішінің ауырғанын айтып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. 

Реклама
Реклама

Пациентке рентгенография жасағаннан кейін хирургтар ер адамның асқазанынан бөгде зат тапқан. Сондықтан тұтқындағы адам эндоскопия және функциялық диагностика бөліміне жіберілді. 

"Дәрігерлер денеден бөгде затты алып шықты - пациенттің он екі елі ішегінен скальпель табылды, ол отасыз алынды. Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің екі ұшты жағы скотчпен оралған, ал ол кейін ашыла бастаған. Хирургтар уақытында араласпаса, оқиға өліммен аяқталуы мүмкін еді", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная