ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2019 | 09:18
Маңғыстау облысында арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны түсіп қалды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шала туса да, бір айдай баласы сау болғанына сенімді анасының пікірінше, сәбиінің осындай жағдайға тап болуына жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосылуы себеп.
"Медбикелерге бір күн бұрын айтқанмын: "қараңыз, мынау жара боп жатыр" деп. "Ештеңе болмайды" деп, екі медбике қарамады. Сол күні түнде болған жағдай бұл. Дәрігерлер, медбикелер кінәлі. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Баламның өмірімен ойнады. Нәрестені қанша қинады", - дейді сәбидің анасы.
Мұрынсыз қалған шақалақ төрт айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Содан бері анасы облыс пен Елордаға шағым жазған. Перинаталдық орталықты тексерген Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасанды тыныс аппаратының мұрынды қажап, содан нәрестенің нәзік терісінде жара пайда болғанын және бірден мұрын некрозына ұшырағанын анықтаған.
Бала жатқан бөлімшенің кезекші дәрігерлері мен медбикелеріне түгел сөгіс те беріліпті. Аз уақытта екі рет ота жасатқан сәбидің анасы енді моральдық шығын ретінде орталықтан 10 миллион теңге талап етіп, сотқа берді. Ал перинаталдық орталық "бәленің бәрі нәрестенің анасы мен сирек кездесетін ауруда" деп ақталып отыр.
"Баланың анасы қауын мен газдалған сусын ішіп, сәбиін емізген. Содан ішек ауруы қозып, бала жансақтау бөліміне түсті. Ағзасы әлсіреген нәрестеде бет тіндерін бұзатын Нома деген сирек ауру пайда болған. Мұндай диагнозды Алматы мен Нұр-Сұлтаннан арнайы келген екі хирург та растап отыр. Әйтпесе, қанша баламыз апаратта жатыр ғой. Барлығы сап-сау", - дейді Маңғыстау облыстық периниталдық орталығының бөлім меңгерушісі Алия Тасырова.
Показать комментарии
Читайте также