20 шілде 2023 | 12:13

Маңғыстау облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Маңғыстау облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 маусымда сағат 00:30 шамасында "Қарасора-2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 14 шағынаудан мекенжайы бойынша есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Реклама
Реклама

"Тінту барысында күдіктіден 31,70 грамм мефедрон бар 33 байлам тәркіленді. Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар, құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды. Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 грамм мефедрон тәркіленді. Барлығы 768,38 грамм мефедрон және 165,43 грамм псилоцибин тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясын тасымалдаушы ұсталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная