Маңғыстау облысында жеңіл көлік жылқымен соқтығысып, екі адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында екі көлік жылқымен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиға туралы ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растаған. Ведомство өкілдері 26 қазанда таңғы сағат 7:30-да кезекші бөлімге жол апаты туралы хабар түскенін айтты.

"Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткені анықталды. Оның артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де инерциямен сол жануарға соғылған", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны нақтыланды.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама