Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала шұңқырдағы суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала шұңқырдағы суға батып кетті Фото: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала қаза тапты. Олар су толған шұңқырға батып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Маңғыстау облысында нөсерден кейін екі бала қаза тапты. Олар су толған шұңқырға батып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған. Жекеменшік үй маңында әжетхана үшін қазылған тереңдігі 1 метр шұңқырға жаңбыр суы толып қалған. Оған 2008 және 2012 жылғы екі бала түсіп кетіп, шыға алмай қалған. Олар ата-әжесінің үйіне шыққан екен.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ құдықтар мен арықтардың бетін жабуға кеңес береді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама