Маңғыстау облысында теңізге шыққан екі адам сегіз сағатқа жуық іздеуден кейін табылды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде екі адам құтқарылды. Оларды іздеу жұмыстары сегіз сағатқа жуық уақытқа созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде екі адам құтқарылды. Оларды іздеу жұмыстары сегіз сағатқа жуық уақытқа созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, осы түні 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға теңізге барған.

"Оларды ағын теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама