Маңғыстау облысындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.

"Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13-те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек адам мен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама