01 сәуір 2019 | 12:02

Маңғыстау полицейлері тасжолды жауып қалған жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу бастады

© Lada.kz

30 наурызда Маңғыстау облысындағы Шетпе-Бейнеу тасжолының 155-шақырымында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада" облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 наурызда Маңғыстау облысындағы Шетпе-Бейнеу тасжолының 155-шақырымында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада" облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық ПД өкілдерінің мәліметінше, жол апатына кінәлі адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Жолда ГАЗель және КамАЗ жүк көліктері соқтығысқан. ГАЗель жүргізушісі жедел жәрдем каретасы келгенге дейін оқиға орнында қаза тапқан. 

"КамАЗ-дың 1981 жылғы жүргізушісі травматология бөлімінде жатыр. Ол көптеген жарақат алған", - деді денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная