17 қыркүйек 2015 11:39

Маңғыстауда 18 жастағы қыз газ қызметінің маманын соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sevastopolnews.info © sevastopolnews.info

Жаңаөзен қаласының маңында 18 жастағы қыз газ қызметінің маманын соққыға жықты, - деп хабарлайды Lada.kz. Оқиға туралы мәлімет жедел басқару орталығына түсті - полицияға қыздың көршілері хабарлады.


Жаңаөзен қаласының маңында 18 жастағы қыз газ қызметінің маманын соққыға жықты, - деп хабарлайды Lada.kz. Оқиға туралы мәлімет жедел басқару орталығына түсті - полицияға қыздың көршілері хабарлады.

Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жағдайдың мән-жайын анықтады. Олардың полицияға берген түсініктемелері бойынша, 32 жастағы әйел - "Газ КҚРО" компаниясының қызметкері Теңге ауылына басшылықтың тапсырмасы бойынша, Ақбөбек көшесіндегі үйлердің бірін газдан ажыратуға келген. Есікті жас қыз ашыпты. Газ қызметінің маманы қарыз туралы айтып, газдан ажырататынын ескерткенде, қыз оған тіл тигізіп, соққыға жығып, үйден қуып шыққан.

"Бұзақылық танытқан үй иесінің 18 жастағы қызы болып шықты, ол Ақтаудағы медициналық колледжде оқиды. Оның бұл қылығына қатысты "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тексеру басталды, тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети