18 сәуір 2022 09:22

Маңғыстауда 20 күн бұрын жоғалып кеткен қыз іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

Бейнеу ауданында 20 күннен бері 26 жастағы Айдана Айтаеваны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеу ауданында 20 күннен бері 26 жастағы Айдана Айтаеваны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

15 сәуірде МИ-8 тікұшағы іздестіру жұмыстарына қатысқан. Түске қарай іздеуге тағы бес адам қосылған.

Құтқару операциясы. Сурет: ТЖД

Реклама
Реклама

Бейнеу ауданының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста өте төмен биіктікте шолу жұмыстары жүргізілген. Ойпаттар, шатқалдар мен жартастарға ерекше көңіл бөлінгені айтылды.

Өкінішке қарай, нәтиже болмай, құтқарушылар өз орнына оралған.

Еске салайық, жергілікті тұрғын 29 наурызда сағат 11.00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram