ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2021 | 22:02
Маңғыстауда дауыл кезінде қонған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды
Маңғыстау даласына шаңды дауылда қонған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау даласына шаңды дауылда қонған ұшаққа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев бортта дәрігерлер мен инфаркт диагнозы қойылған әйел болғанын айтты. Оны медициналық көмек көрсету үшін Бейнеу ауданынан Ақтауға тасымалдаған.
"Бейнеу ауданының 1972 жылы туған тұрғынына жедел миокард инфаркті диагнозы қойылған. Борт пациентпен бірге Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты оларға қонуға рұқсат етілмеді. Осы себепті ұшақ ұшқышы әуежай маңындағы далаға қонуды ұйғарды. Осылайша ол әйелдің өмірін сақтап қалды", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев.
Айларбек Шыршықбаевтың айтуынша, ұшақ далаға қонғаннан кейін дәрігерлер әйелді автокөлікпен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізген. Қазір дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Бұған дейін куәгерлер ұшақтың Маңғыстау даласына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлаған болатын. Түсірілген кадрлардың авторы борт шаңды дауылдың салдарынан қонды деп болжаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также