19 тамыз 2020 09:03

Маңғыстауда полиция көлігінің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Ақтау - Шетпе - Бейнеу тасжолында полиция көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау - Шетпе - Бейнеу тасжолында полиция көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 тамызда сағат 16.00-де болған. Mercedes-Benz, Hyundai Solaris пен қызметтік полиция көлігі жол апатына ұшыраған.

Реклама
Реклама

Ведомстводағылардың айтуынша, жол апатына Mercedes-Benz жүргізушісі кінәлі. Ол белгілі бір қашықты сақтамай, Hyundai Solaris жүргізушісімен соғысып қалған. Салдарынан Hyundai Solaris қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция көлігімен соқтығысқан.

Көліктердің соқтығысқан сәті патрульдік көліктің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған. Жол апатынан қаза тапқандар жоқ.

"Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") хаттама толтырылды", - деді полицейлер.

Дереккөз мәліметінше, жүргізушіге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе ол алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.


© lada.kz

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360415/thumb_m/photo_122706.jpeg"
    "title" => "Маңғыстауда "Сәтті сәрсенбі" тазалық акциясы басталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/mangyistauda-satt-sarsenb-tazalyik-aktsiyasyi-bastaldyi-360415/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360154/thumb_m/photo_122424.jpeg"
    "title" => "Маңғыстау облысында теңізге шыққан екі адам сегіз сағатқа жуық іздеуден кейін табылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/mangyistau-oblyisyinda-tenzge-shyikkan-ek-adam-segz-sagatka-360154/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359985/thumb_m/photo_122240.jpeg"
    "title" => "Асқар Құлыбаевтың мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/askar-kulyibaevtyin-munay-terminalyi-memleketke-kaytaryildyi-359985/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359975/thumb_m/photo_122231.jpeg"
    "title" => "Маңғыстаудың жаңа әкімі үш орынбасарын ауыстырды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/rk2012/mangyistaudyin-jana-akm-ush-oryinbasaryin-auyistyirdyi-359975/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359257/thumb_m/photo_121451.jpg"
    "title" => "Алматыда патрульдік полиция көлігі мопедті қағып кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyida-patruldk-politsiya-kolg-mopedt-kagyip-kett-359257/amp/"
  ]
]