ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2017 | 09:45
Маңғыстауда теміржол өткелінде болған төтенше жағдай: 9 адам мерт болып, 27 адам зардап шекті
Жаңаөзен прокуратурасының нақтыланған мәліметі бойынша, Теңге ауылындағы теміржол өткелінде "Газель" мен тепловоздың соғысуы салдарынан тоғыз адам мерт болып, тағы 27 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Лада".

"Осы дерек екі бап бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Жаңаөзен прокуратурасының өкілі.
Осыған дейін төтенше жағдайдан 6 адамның мерт болып, 7 адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компанияның баспасөз қызметіндегілер теміржол өткеліндегі дабыл беру құрылғысының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтады. Машинист сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатып, жолдан көлікті көргенде жедел түрде тоқтаған. Қазіргі уақытта компанияның арнайы комиссиясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Показать комментарии
Читайте также