ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 шілде 2021 10:39
Маңғыстауда ұшақ далаға қонуға мәжбүр болды - БАҚ
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Маңғыстау даласына мәжбүрлі түрде қонған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, мәжбүрлі түрде қонуға құмды дауыл себеп болуы мүмкін. Куәгер "Газель" көлігі сүйреп бара жатқан ұшақты видеоға түсіріп алған.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басылымға осы оқиға бойынша кезекші пультіне шақырту түспегенін хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу