13 желтоқсан 2021 | 08:26

Маңғыстауда вагон өртеніп кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
lada.kz

Маңғыстау ауданының бесінші разъезд аумағында вагон өртеніп кетті. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Александр Алексеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау ауданының бесінші разъезд аумағында вагон өртеніп кетті. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Александр Алексеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментіне 12 желтоқсанда сағат 18.12-де теміржолда вагон жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өртті ауыздықтау үшін Бейнеу станциясының ҚТЖ-нан бір өрт пойызы мен 16 қызметкері жұмылдырылған. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет сағат 19.00-де өртті сөндірген.

Реклама
Реклама

Оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын анықталып жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына "Өрттен қорғау қызметі 2012" МЕӨҚҚ (екі дана техника және тоғыз қызметкер) және "Жалын өрт сөндіруші" МЕӨҚҚ (бір бірлік техника және үш қызметкер) жұмылдырылған. 

Өңірдің ТЖД мәліметінше, пойыз жолаушылар пойызы емес, ол теміржолдарды жөндеуге арналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная