03 тамыз 2021 09:09

Маңғыстаудан Шымкентке шығып, жоғалып кеткен әйел мен үш баласы табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінен

Маңғыстау облысынан Шымкентке пойызбен шығып, үш баласымен жоғалып кеткен Дилбар Тілеулесова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысынан Шымкентке пойызбен шығып, үш баласымен жоғалып кеткен Дилбар Тілеулесова табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі мәліметінше, 2021 жылдың 30 шілдесінде әйел балаларымен пойызға отырып Шымкентке аттанған. Бірақ межелі жерге жетпеген. Осы уақытқа дейін олар қай жерде екені туралы ақпарат болған жоқ.

Lada.kz мәліметінше, оның жанында кәмелетке толмаған үш баласы болған. Біреуінің дүниеге келгеніне бар-жоғы 40 күн өткен.

Реклама
Реклама

"2021 жылғы 2 тамызда Маңғыстау станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері 2021 жылы 30 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен Тілеулесова Д. Б. және оның үш кәмелетке толмаған баласының тұрған жерін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер осы уақыт ішінде әйел балаларымен бірге Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында құрбысының жанында болғанын анықтады. Әйел мен кәмелетке толмаған балалар тексерілді, қандай да бір дене жарақаттары жоқ", - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram