ПОДЕЛИТЬСЯ
06 ақпан 2020 | 09:26
Маңғыстаулық ер адамдар хаскиді не үшін атып өлтіргені белгілі болды
Полиция Желіде үй иелері хаскиге оқ атқан видеоға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді. Ведомствоның хабарлауынша, жануар қауып, қорадаға малдарға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Lada.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция Желіде үй иелері хаскиге оқ атқан видеоға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізді. Ведомствоның хабарлауынша, жануар қауып, қорадаға малдарға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Lada.kz.
"27 қаңтарда шамамен сағат 22:00-де Жаңаөзеннің полиция бөліміне Теңге ауылында құтырған иттің шабуыл жасағаны туралы хабар түскен. Үй қожайынының айтуынша, жануар қорадағы бірнеше қойға шабуылдаған.
Үй иесінің сөзінше, ол итті тыныштандыра алмаған соң танысын шақырған. Екеуі бірігіп ашулы жануарды қашаға қамаған. Олар полицияның келуін күтпей аңшылыққа арналған мылтықпен үш рет атқан", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Бүгінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
"Процестік шешім қабылданды. Одан бөлек, полиция жеке тұлғаланың азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, оны алып жүруіне қосымша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша, қару иесінің барлық рұқсаты бар, сақтау шарттары бар", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адамдар хаскиге оқ атып, оқиғаны видеоға түсіріп алғаны хабарланған.
Жазба Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram желісіндегі парақшасында пайда болған. Бірнеше ер адам қаша маңында жиналып тұрған, олардың бірінде қару болған. Сәлден соң бірі итке үш рет оқ атқан.
Показать комментарии
Читайте также