Маңғыстау облысында Ford пен КамАЗ соқтығысты: жүргізуші қаза тапты

Маңғыстау облысында Ford пен КамАЗ соқтығысты: жүргізуші қаза тапты Видеодан алынған кадр

А?тау-Шетпе тасжолында бол?ан жол-к?лік о?и?асынан 54 жаста?ы ж?ргізуші ?аза тапты, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау-Шетпе тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан 54 жастағы жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жол апаты 22 желтоқсан күні Шетпе ауылына жақын маңда болған. Куәгерлердің айтуынша, Ford автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі Ақтаудан Краснодар қаласына бара жатқан. Көлікте өзінен басқа ешкім болмапты. Не себепті екені белгісіз, жолдың қарсы бағытына шығып, "КамАЗ" жүк көлігіне барып соғылған.

Апаттар медицинасы орталығының мамандары "Мұнайшы" тасжолдағы медициналық-құтқару бекеті дәрігерлерінің оқиға орнына кеткенін хабарлады. Сағат 13.23-те дәрігерлер Ford автокөлігі жүргізушісінің қайтыс болғанын айтты. Ер адам жол апатынан алған жарақаттардың салдарынан көз жұмды.

Жарнама
Жарнама

Оқиға орнында тергеуші жұмыс істеген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама