ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қараша 2017 10:33
Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды: 10 адам зардап шекті
А?тау-Таушы? тасжолында бол?ан жол апатынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтау-Таушық тасжолында болған жол апатынан он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Lada.kz.
4 қарашада күндізгі уақытта Ақтау-Таушық тасжолының 110-шы шақырымында екі көлік соғысып қалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Апаттар медицина орталығындағылар хабарлаған.
Орталықтағы қызметкерлердің айтуынша, бұл оқиға шамамен сағат 14:00-де болды. Екі көлік соғысып, салдарынан 10 адам зардап шеккен. Олар Таушық ауылындағы ауруханаға жеткізілген.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің бірі өте ауыр жағдайда жатыр.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу