Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза болды

Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетіп, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Inaktau.kz.

Маңғыстау облысында автокөлік түйені қағып кетіп, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Inaktau.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 қарашада Жаңаөзен - Батыр тасжолында болған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер екі адамның қайтыс болғанын, оның ішінде төрт жасар бала болғанын тіркеуге алған. 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері таратқан хабарламаға сенсек, 19:00 шамасында автокөлік түйені қағып кеткен. Көлікте төрт адам болған. Зардап шеккен екі адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. 

Реклама
Реклама

2019 жылы маусымда Атырауда көлік түйемен соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Осы оқиғадан соң Атыруда жылқыларға және түйелердің мойнына жарық шағылыстыратын таспа ілінетіні айтылған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама