Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

© Tengrinews.kz

Ма??ыстау облысында жол апатынан екі адам ?аза тапты, - деп хабарлайды КТК арнасы. Тас жолда "Лада" же?іл к?лігі ж?к машинасымен бетпе-бет со?ысып, астына кіріп кеткен.

Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды КТК арнасы. Тас жолда "Лада" жеңіл көлігі жүк машинасымен бетпе-бет соғысып, астына кіріп кеткен.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қарсы бағытқа "Лада" шығып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы оқиға орнында алған жарақтынан қайтыс болған. Көлікте болған тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттар алған. Оларды жолдан басқа жүргізушілер жедел жәрдемнің келуін күтпей ауруханаға жеткізіпті. Апаттың нақты себептерін полиция анықтап жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама