Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

© lada.kz

Ма??ыстау облысында Шетпе - Бейнеу тас жолында бір к?нде екі ірі жол-к?лік о?и?асы болып, салдарынан т?рт адам ?айтыс болды. Б?л туралы "Лада" порталы облысты? ІІД баспас?з ?ызметіні? ?кілі Ж?зира ?білге сілтеме жасап хабарлайды. 

Маңғыстау облысында Шетпе - Бейнеу тас жолында бір күнде екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы "Лада" порталы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Жәзира Әбілге сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол апаты 1 желтоқсанда болды. Таңғы 08:30 шамасында Toyota Camry мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. "Жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Шетпе - Бейнеу тасжолының 210-шақырымында жүк көлігімен соқтығысты. Toyota Camry тізгінінде болған 1992 жылғы жігіт пен 1951 және 1964 жылғы екі жолаугы қайтыс болды. Фураның жүргізушісі тірі", - деді басылымның сұхбаттасушысы. 

Кейін осы аймақта Renault көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Lada Largus автомобилімен соғысты. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada көлігінде отырған жолаушы қаза болды. Қалғандары сау", - деді Жәзира Әбіл. 

Реклама
Реклама

Екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама