Маңғыстауда ісі тергеліп жатқан екі шенеунік қайтыс болды

Маңғыстауда ісі тергеліп жатқан екі шенеунік қайтыс болды © hibiny.com

Ма??ыстау облысында?ы Те?ге ж?не ?ызылсай ауылды? округтеріні? ?кім орынбасарлары ?айтыс болды. Олар?а ?атысты ?ызметтік жал?анды? жасады деген к?дікпен тергеу ж?ріп жат?ан. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жа?а?зен ?алалы? прокурорыны? орынбасары ?нуар Борашев хабарлады.

Маңғыстау облысындағы Теңге және Қызылсай ауылдық округтерінің әкім орынбасарлары қайтыс болды. Оларға қатысты қызметтік жалғандық жасады деген күдікпен тергеу жүріп жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жаңаөзен қалалық прокурорының орынбасары Әнуар Борашев хабарлады.

Оның мәліметінше, экс-шенеуніктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқан. Екеуі де жер мәселесіне қатысты жетекшілік қызмет атқарған.

"Олар жалған құжатпен жеке үй құрылысына жер учаскелерін берумен айналысқан. Күдіктілердің қайтыс болуына байланысты тергеу тоқтатылды. Екеуінің қазасының себебі - денсаулығының сыр беруі", - деді Борашев.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама