Маңғыстауда хаскиді атып, видеоға түсіргендер оны қасқырмен шатастырған

Видео кадры

Маңғыстау облысында ер адамдар хаскиге оқ атып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды inaktau.kz.

Маңғыстау облысында ер адамдар хаскиге оқ атып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды inaktau.kz.

Жазба Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram желісіндегі парақшасында пайда болған. Бірнеше ер адам қаша маңында жиналып тұрған, олардың бірінде қару болған. Сәлден соң бірі итке үш рет оқ атқан.

Реклама
Реклама

Жануарларды қорғау қауымдастығы өкілдерінің ойынша, ер адамдар хаскиді олардың қойын жеп кеткен қасқырмен шатастырған болуы керек. 

"Біз әлі де оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Бұл жазбаны салған себебіміз иттің иесі бізбен байланысып, неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірсе. Хаскидің аман қалғаны жайлы ақпарат жоқ", - дейді қауымдастық өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама