ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2020 | 15:01
"Мас жүргізуші ер адам мен бір жасар баланы қағып кетті" - полиция Алматыда болған жол апатын тергеуге алды
Алматыда ер адам мен бір жасар баланы көлік қағып кетті. Полиция істі тергеуге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ер адам мен бір жасар баланы көлік қағып кетті. Полиция істі тергеуге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram желісіндегі almaty_kris_p парақшасында, болжам бойынша, ер адам оқиға орнынан қашып кетпек болған жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды.
"Мас егде жастағы жүргізуші ер адам мен бір жасар баланы қағып, кондиционердің блогына сүйреп әкетіп, артынша артқа қарай жүріп, әрекетін қайталап, оқиға орнынан қашып кетпек болды. Навои көшесіне жетпей Жандосов көшесінде екі көлікті соғып кетті. Сөйтіп жүргізушінің ұлы келіп, ол бұрынғы қызметкер (полиция - авт.) екенін және істі жауып тастайтынын айтты. Ер адам мен бір жасар бала қатты зардап шекті", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kris P Almaty|21+?? (@almaty_kris_p) 29 Июл 2020 в 6:38 PDT
Алматы қаласы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасын Бостандық ауданының Полиция басқармасы тергеуге алатынын хабарлады.
"Жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілер алған дене жарақаттарының ауырлық деңгейін анықтау мақсатында бірқатар сараптама, соның ішінде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберіледі", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также