ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2021 | 09:30
"Мәселені шешуге уәде берген, бірақ әлі өлгендер тізіміндемін"
Павлодар облысының тұрғыны 10 жылдан бері қайтыс болды деп есептеліп келе жатқанын айтады. Бұған 23 жастағы Аман Жансейітов астанадағы ауруханалардың біріне өкпесін түсіруге келген кезде тағы бір рет көз жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодар облысының тұрғыны 10 жылдан бері қайтыс болды деп есептеліп келе жатқанын айтады. Бұған 23 жастағы Аман Жансейітов астанадағы ауруханалардың біріне өкпесін түсіруге келген кезде тағы бір рет көз жеткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауруханаға флюорография түсіруге келгенмін, менің мәліметтерімді базаға енгізген кезде 10 жыл бұрын қайтыс болған деп шықты", - дейді Аман.
Оның сөзінше, Аман мұны естіп таңғалған. Ол 2016 жылы әскерде жүрген кезде де ол ресми түрде өлі деп саналатыны айтылған.
"Ол кезде мен қарапайым банк карточкасын рәсімдей алмайтынмын. Бір жылдан кейін ол проблема мен жұмысқа орналасатын кезде алдымнан шықты. Железин ауданындағы түрлі мемлекеттік органға бардым, ХҚКО-на, АХАЖ бөлімдеріне бардым, маған мәселені шешуге уәде берген, бірақ әлі өлгендер тізіміндемін", - Аман Жансейітов.
Аман ақпарат базасына оның жеке мәліметтерінің орнына марқұм ағасының мәліметі енгізіліп кетуі мүмкін екенін айтады.
"Біз ағаммен тетелес едік, есімі Азан, менің есімім Аман. Ол 2011 жылы 31 наурызда қайтыс болды. Ауруханада статусымды тексеретін кезде оның қайтыс болған күні менің ЖСН-імнің жанында тұрды. Қайтыс болғаным туралы дереккөз ретінде Әділет министрлігі көрсетілген. Яғни ресми мәліметтер базасында ағамды емес, мені өлінің тізіміне қосып жіберген", - дейді Аман.
Ал Павлодар облысының Әділет департаментіндегілер Әділет министрлігінің базасында Жансейітов өлінің тізімінде емес екенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также