Мәскеуде белгісіздер ҚР Бас прокуратура өкілінің қолтырауын терісінен жасалған әмиянын ұрлап кеткен - БАҚ

© aliexpress.com

М?скеу орталы?ында орналас?ан сыра кафелеріні? бірінде ?аза?станны? Бас прокуратурасы ?кілі тоналды. Белгісіздер оны? ?мияны мен РФ Бас прокуратурасына кіруге р??сат ?а?азын ?рлап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы "Москва" ?алалы? жа?алы?тар агенттігі ???ы? ?ор?ау органдарында?ы дерекк?зіне сілтеме жасап хабарлады. 

Мәскеу орталығында орналасқан сыра кафелерінің бірінде Қазақстанның Бас прокуратурасы өкілі тоналды. Белгісіздер оның әмияны мен РФ Бас прокуратурасына кіруге рұқсат қағазын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Москва" қалалық жаңалықтар агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

Агенттікпен сұхбаттасқан дереккөздің айтуынша, полицияға келген адам Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының өкілі, Кемеров облысының тумасы, 47 жастағы азамат. "Ер адамның айтуынша, 2-ші Тверская-Ямская көшесінің бойында орналасқан сыра барында өзінің қолтырауынның терісінен жасалған Prada әмиянын, оның ішінде 1000 доллар және шамамен 50 мың рубль және Қазақстанның өкілі екенін растайтын дипломатиялық картасы мен Ресей Бас прокуратурасына кіруге рұқсат қағазының және де банк карталарының жоғалғанын айтқан", - деді дереккөз. 

Оның айтуынша, берілген арыз бойынша полиция тексеру шараларын жүргізіп жатыр. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама