08 ақпан 2014 19:46

Мәскеуде Олимпиадаға қарсы шеру өтті

Сурет РИА Новости ақпарат агенттігінен алынған

"Сочиде Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатқанда, Мәскеуегі Қызыл алаңда шеру ұйымдастырған ЛГБТ (лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендер) - қоғамдық-саяси қозғалысының мүшелері қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Русская служба BBC" ақпарат көзіне сілтеме жасап ЛГБТ-қозғалысының ондаған мүшесі және Швед елінің екі азаматшасы Ресейде өздерінің құқықтары тапталып жатқанына наразылық танытып, Олимпиаданың ашылуы қарсаңында шеру ұйымдастырды. Айтуларынша, олар ЛГБТ-қозғалысының құбылмалы туын Қызыл алаңда желбіретпек болған. Алайда, полиция қызметкерлері олардың ойын жүзеге асыруына жол бермей, ұстап алып кеткен. Екі сағаттан кейін шведтік екі бойжеткен босатылған. Ал, арада тағы біраз уақыт өткенде шеруге қатысушылардың қалғандарын да босатқан. Қозғалыс белсенділерінің айтуынша, полиция бөлімінде олардың үшеуін ұрып-соғып, балағаттаған және адвокатпен тілдестірмеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram