21 қаңтар 2023 | 12:11

"Материалдық көмек көрсетпестен шығарып жіберген". Ақтауда жұмыс беруші сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ақтауда ер адам жұмыс орнында ауыр жарақат алған. Ол сот арқылы әділдікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда ер адам жұмыс орнында ауыр жарақат алған. Ол сот арқылы әділдікке қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ер адам жұмыс орнында үлкен жүктерді түсірумен айналысқан. Кезекті жұмыс процесі кезінде ол ауыр жарақат алған. Салдарынан мүгедек болып қалған.

Жазатайым оқиғаны арнайы тергеу нәтижелері бойынша комиссия бұл жағдайда қызметкердің өзі кінәлі деген қорытындыға келген. Қорытындыға сәйкес, оның мұқият жұмыс істемегені айтылған. Осыған байланысты комиссия қызметкердің кінәсін 90 пайыз, ал жұмыс берушінің кінәсін 10 пайыз деп белгілеген. Осылайша, жұмыс беруші жазатайым оқиғадағы барлық кінәні қызметкердің өзіне аударған.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осы істі қарап, бұл оқиғаның себебі қызметкердің қателігі емес, жұмыс берушінің қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етпегені деген қорытындыға келген. Комиссия қорытындылары арнайы тергеу материалдарына сәйкес келмеген және жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы ескерілмеген.

Жұмыс беруші талапкерді материалдық көмек көрсетпестен жұмыстан шығарып жіберген. Сонымен қатар, оған әлеуметтік төлем төленбеген. Жұмыс берушінің кінәсінен талапкер 29 жасында мүгедек болып қалған әрі еңбекке жарамсыз күйде отбасын асырай алмай отыр.

Сот заң талаптары мен әділет қағидатына сүйеніп, қызметкердің кінәсін анықтау жөніндегі комиссия шешімін заңсыз деп тауып, оның пайдасына үкім шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная