Мектеп автобусы балалармен бірге сотталған адамдарды тасымалдаған

Екібаст?зда соттал?ан адамдар балалармен бірге мектеп автобусына отырып, ж?мыс?а барып ж?рген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шідерті ауылыны? ?кімдігіні? о?ушылар?а берген автобусы к?нделікті бір ауылдан екіншісіне ?атынап отырады. 

Екібастұзда сотталған адамдар балалармен бірге мектеп автобусына отырып, жұмысқа барып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шідерті ауылының әкімдігінің оқушыларға берген автобусы күнделікті бір ауылдан екіншісіне қатынап отырады. 

Екібастұз прокурорының Instagram желісіндегі парақшасында мұғалімдердің кемтар балаларды көзге ілмеуі туралы пост жазылғаннан кейін осы жағдай туралы да белгілі болды. Мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, сабақ беруі керек болатын. Алайда педагогтар балалардың алыс тұратындығын сылтауратып, бұл міндеттерінен жалтарған. 

Реклама
Реклама

Ал Екібастұз прокуратурасының өкілдері мектеп автобусында оқушылармен бірге адам өліміне әкелген жарақат салғаны үшін сотталған адамдар да бірге жүргенін мәлімдеді. 

Бұл жағдай прокурорлардың ауылдағы балалардың білім алып жатқанын тексеру үшін барған кезінде анықталды. Қазір бұл жайттың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Кінәлілер жазаға тартылады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама