Мектеп мұғалімі мас күйде көлікті аударып тастаған: Құрбысы мерт болды

Иллюстрациялық сурет © temaufa.ru

Екібаст?зда адам ?ліміне со?тыр?ан жол к?лік о?и?асына ?атысты мектеп м??алімі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Екібастұзда адам өліміне соқтырған жол көлік оқиғасына қатысты мектеп мұғалімі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот отырысы кезінде әйел адамның жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылғанына қарамастан мас күйінде тізгінге отырғаны айтылды. Осының салдарынан ол көлікті жол шетіне аударып алған. Оқиға салдарынан көлікте отырған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде көз жұмған.  

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, істегеніне өкініш білдірді. 

Реклама
Реклама

Марқұмның ағасы айыпкерді бала кезінен әпкесінің жақын құрбысы ретінде танитынын және оған ешқандай арызы жоғын айтқан. Сонымен қатар, ол айыпкерді бас бостандығынан айырмауды сұраған. 

Сот үкімімен әйел адам ҚР ҚК-нің 55-бабының 1 және 2-тарауы бойынша айыпты деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, көлік саласына қатысты жұмыспен 7 жыл айналысуға тыйым салынды. 

ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру шартты түрде тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама